Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Жарияланған September 2026

0

0

Қ.А.Ясауи атындағы Халықараралық қазақ-түрік университет
Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) әдістерін қолданудың тиімділігі қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде педагогтар мен психологтардың кәсіби даярлығында тиімді қарым-қатынас орнату, эмоциялық интеллектіні дамыту және педагогикалық жағдаяттарға бейімделу қабілеттері ерекше маңызға ие. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде педагогика және психология мамандықтарында оқитын 60 студенттің қатысуымен жүргізілді. Зерттеу барысында ғылыми-педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау, авторлық сауалнама жүргізу, педагогикалық эксперимент және алынған нәтижелерді салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Педагогикалық эксперимент аясында НЛБ элементтері (модельдеу, рефрейминг, визуализация, эмоциялық күйді басқару) оқу үдерісіне енгізілді. Зерттеу нәтижелері нейролингвистикалық бағдарламалау әдістерін қолдану болашақ педагог-психологтардың қарым-қатынас дағдыларын, эмоциялық интеллектін, өзіндік сенімділігін және оқыту үдерісіндегі икемділігін арттыруға ықпал ететінін көрсетті. Алынған деректер НЛБ әдістерін болашақ педагог-психологтарды даярлау бағдарламаларына жүйелі түрде енгізудің орынды екенін дәлелдейді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Куанышбаева А.Н., Жумабекова Ф.Н., Иманова К.А., . 2026. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 110–118. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.010.