Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру мәселе-сі қарастырылады. Автор ғылыми айналымдағы зерттеу мәселесіне арналған педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге шолу жасай келе, «ғылыми- зерттеушілік іс-әрекет» ұғымын жан-жақты қарастырады. Талданған ғылыми әдебиеттер негізінде зерттеуші ғалымдардың көзқарастарын бірізділікпен жүйелеп, болашақ бас-тауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми- зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру бойынша өз түсінігін негіздейді.
Автор біршама еңбектерге сүйене отырып, зерттеу қызметі жоғары оқу орындарының студенттерін заманауи даярлаудың негізі болу керектігіне басымдық беру керек деп тұжырымдайды, өйткені қазіргі қоғамға жаңа идеяларды қабылдауға, стандартты емес шешімдер қабылдауға, инновациялық процестерге белсенді қатысуға қабілетті және зерттеу міндеттерін құзыретті шешуге дайын мамандар қажет. Сонымен қатар, болашақ мұғалімнің ғылыми- зерттеушілік іс-әрекетін сипаттай келе, оны шындықты игерудің әмбебап тәсілі ретінде анықтап, терең сипатын баса айтып, оның құрамдас элементтеріне алдын ала белгісіз шешіммен шығармашылық, зерттеу тапсырмасына жауап іздеу, гипотезаларды ұсыну және растау, тәуелсіз эксперименттер жүргізу, оларды талдау және жобалауды ұсынады.
