Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ ЗЕРТТЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ

Жарияланған September 2025

5

3

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

 Мақалада педагог-музыканттың ғылыми-зерттеу іс-әрекетіндегі ең маңызды әдіснамалық негізді құрайтын, әрі оның ғылыми-теориялық және практикалық дайындығының бастапқы бағдары болатын әдіснамалық ұстанымдар қарастырылады. Олар маманның әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың жетекші құралы – әдіснамалық талдауды қолдануда бағыттаушы және ұйымдастырушы функцияны орындауға арналған. Жүйелілік пен тұтастық әдіснамалық ұстанымы зерттеуші ойын  зерттелетін нысанға толық аударуға бағыттайды, зерттелетін құбылысты ішкі және сыртқы байланыстарымен  тұтас қарастыруға жағдай жасайды, зерттеу тәжірибесінде ғылыми және көркем таным үдерісінің кең мүмкіндіктерін ашады. Аталған ұстанымдар әдіснамалық білімді педагог-музыканттың кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдыға айналдыру жолдарын анықтайды.

Музыкалық білім беру педагогикасында жүйелілік жеке элементтердің біртұтас ұйымға тәуелділігін ескере отырып, көркем құбылыстың тұтастығын анықтауға бағдар береді. Әмбебаптың, жалпының және жекенің бірлігі әдіснамалық ұстанымы музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамасының музыкалық шындықтың сан алуан құбылыстарын түсінуге дайын педагог-музыканттың шығармашылық тұлғасын дамытуға бағытталған байла-ныстары мен мақсаттарын бейнелейді. Музыкалық білім беру педагогикасының мәселелерімен тікелей байланысты мәнді әдіс – жеке тұлғаны кәсіби бағдарлау әдісі болып табылады, бұл әдіс аналитикалық операцияларды - логикалық, кәсіптік, психологиялық – орындаумен байланысты болады, олардың мазмұнын нақтылайды және бағыттайды. Бұл әдістің құрылымдық сипаттамасының мәні мынада: оның көмегімен әдіснамалық талдаудың әр деңгейі нақтыланады,  алынған нәтижелерді шығармашылықпен пайдалануға тікелей немесе жанама бағыттайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мукеева Н.Е., Какимова Л.Ш. , . 2025. ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ ЗЕРТТЕУ ҮДЕРІСІНДЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 56–70. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.005.