Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЭТНОДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ

Жарияланған September 2024

43

52

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университет
Аңдатпа

Көркем білім берудің алға қойылған міндеттері мен мәселелерін жүзеге асырудың тиімділігі студенттердің шығармашылық түрленуіне, өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін дамытуына, қоршаған шынайылықты сәндік-қолданбалы тұрғыдан эстетикалық түрлендіруіне байланысты. Бұл қазіргі заманғы көркем білім беруде студенттердің рухани дүниетанымын этнодизайн негізінде қалыптастыруды өзектендіреді. Осыған байланысты зерттеуімізде «көркем білім беру», «дүниетаным», «рухани дүниетаным», «этнодизайн» ұғымдарының мазмұны маңызды болып табылады. Көркем білім беру мазмұны этнодизайн негізінде рухани дүниетанымын қалыптастыруда теориялық құзыреттілікті, практикалық көркемдік іс-әрекетте тәжірибе жинақтау, талдау және бағалау дағдыларын меңгеруді қамтиды. Мұнда көркем білім беру мазмұны студенттердің рухани дүниетанымын этнодизайн негізінде қалыптастыруда білімнің тұлғаның дамуы үшін маңызын түсінуіне, практикалық көркем іс-әрекетте қажетті дағдыларды меңгеруін, шығармашылықты өз өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауына мүмкіндік береді. Рухани дүниетаным – бұл дүниетанымдық іс-әрекетке қажетті дүниетанымдық қабілеттерінің, көркем-рухани білімі мен практикалық іскерлігінің кіріктірілген тұлғалық сапасы. Этнодизайн ұлттық дәстүрлі мәдениетке негізделген, одан мәнді мағыналар алып, оларды қазіргі мәдениет пен өнердің жаңа формаларында және қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өзекті етеді. Қазіргі заманғы этнодизайн негізіндегі көркем білім беру – бұл адам мен табиғи элементтер арасындағы қарым-қатынас, күрделілік дәрежесі әртүрлі жаңа мәдени жүйелердің алуан түрлілігін жасайтын уақыт пен кеңістіктің ерекше символы. Сондықтан этнодизайн көркем білім беру мен көркем мәдениеттің бір бөлігі және затты этномәдени кеңістікте жобалау іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Альжанов Г., . 2024. КӨРКЕМ БІЛІМ БЕРУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РУХАНИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЭТНОДИЗАЙН НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 254–267. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.024.