Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолдары мен әдістемелік нұсқаулар, стандартты емес, ауызша және жазбаша есеп түрлері мен оларды шешудегі балалардың шығармашылық әрекеттері, ойлау тәсілдері мен дағдыларының даму кезеңдері анықталып талданған. Сонымен қатар, мақалада мұғалімнің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы негізгі мәселелерді логикалық түрде шешу әдісі арқылы оқушылардың кері байланысына және сабақ барысында орындалған нақты әрекеттердің нәтижелеріне сүйене отырып, мәселені қалай шешуге болатындығын талдап көрсетеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда тапсырмалардың формасын өзгерту және ақыл-ой операцияларын қолдану негізінде оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру құралы ретінде қызмет етеді. Мақалада оқуға деген қызығушылықтың мәні, оның дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшелігі сипатталады.
ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Жарияланған June 2024
80
113
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
шығармашылық ойлау
ой тәсілдері
талдау
салыстыру
жалпылау
қалыптастыру
ойлау икемділігі
математика
критерий
шығармашылық белсенділік
тапсырма
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Karsybayeva R., Izmagambetova R., Aitzhanova E., . 2024. ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 381–392. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.035.