Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІН БИЗНЕС-ИННОВАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ

Жарияланған December 2023

72

97

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада бастауыш білім педагогтерін бизнес инновация негізінде кәсіби іс-әрекетке даярлаудың мәні, мазмұны мен ерекшеліктері баяндалған.  Бастауыш сыныптан бастап қаржылық сауаттылықты арттыру - экономикалық тұрғыдан ұтымды және өзекті мәселе. ЖОО-да болашақ педагогтерді даярлауда әлеуметтік, өндірістік, экономикалық процестер мен жағдайларды терең оқытпайды. Бұл мәселе заманауи - кәсіптік бағдарланған оқу мекемелерінің талаптарына сай бизнес инновацияға  негізделген тиімді оқыту жүйесін қалыптастыру керектігін көрсетеді. Бағдарламалық-коррекциялық эксперимент жүргізу барысында, авторлар сапалы білім беру және заманауи қоғамға бейімді мамандарды дайындау үшін «бизнес инновацияларды» оқу курстарына енгізу қажеттілігіне баса назар аударады. Бұл идеяның сәтті жүзеге асуының бір мысалы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология институтында «Smart Coach» атты инновациялық бизнес-клубтың ашылуы. Клуб студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытатын және білім берудегі жаңа әдістерді зерттейтін инновациялық орта құру үшін ашылды. Болашақ педагогтерге инновациялық үдеріске белсенді қатысуға, АО «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасынан шақырылған мамандардың шеберлік семинарларына қатысу, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Клубтың ашылуы іскерлік инновациялық дағдылары бар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы маңызды қадам болып табылады.

 

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Балгинбаева Н.Е., Акжолова А.Т., . 2023. БОЛАШАҚ БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІН БИЗНЕС-ИННОВАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2023), 167–176. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.016.