Бұл мақала болашақ мамандардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін қарастырады.
Жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың қағидаларына ерекше назар
аударылады. Ғылым мен техника дамуының, ойлау стилі өзгеруінің, болашақ мамандардың
ақпаратты қабылдау көздері басымдылығының қазіргі заманғы жағдайында нәтижесі жұмыс
берушінің талап ететін әлеуетін, тиімділігін қалыптастыру болып саналатын оқытудың жаңа,
әрекеттік тәсілдерін жасау қажет. Сондықтан болашақ маманның зерттеу мәдениетін қалыптастыру
үрдісінің мәдени тұғырға сәйкестілігі тұлға қалыптасуының жүйетүзуші факторы, ал студент пен
оқытушының бірлескен ғылыми шығармашылығы тиімді құралы болып табылады. Болашақ
мамандардың зерттеу мәдениеті - бұл тұлғалық мәдениеттің жүйетүзуші базалық компоненті, тұлға
мен оның мақсатты іс-әрекеті арасындағы аралық буын. Ол зерттеу әрекетіне құндылық қарымқатынасымен, іздеу белсенділігімен, әдіснамалық, дүниетанымдық, жалпы пәндік, рефлексивтік білім
мен зерттеу біліктерінің жиынтығымен, зерттеу қабілеттерінің жоғары әлеуетімен сипатталатын
тұлғаның интегративті, динамикалық сапасы болып табылады.
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ: мәдениет, зерттеу
Жарияланған March 2020
64
184
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мәдениет зерттеу
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Г. К. Шолпанқұлова, А. А. Жалгасова, . 2020. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ: мәдениет, зерттеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 65, 1 (Бер 2020), 78–83. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.13.