Бұл мақалада инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың өзектілігі қарастырылады. Отандық, шет елдік ғылыми әдебиеттердегі және құқықтық-нормативтік құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері талданды. Мақалада жалпы мектептердегі инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру қызметін дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Бұл зерттеудің негізгі идеясы елімізде жылдан –жылға ерекше балалардың санының көбейіп бара жатырғандығы және оларға білім мен тәрбие беру үрдісін дамыту қажеттілігімен байланысты. Бұл зерттеу инклюзивті білім берудің, яғни педагогтардың кәсіби сапасын дамытудың терең жатқан мәселелерін шешуге бағытталған. Мақалада инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру үшін педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық зерттеулеріне жасалған аналитикалық талдау жасалды, алынған сауалнама педагогтардың инклюзивтік оқытудағы әдіс-тәсілдерді пайдаланудың психологиялық-педагогикалық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ:
Жарияланған April 2023
169
138
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инклюзивтік білім беру, кәсіби құзіреттілік, педагогтер, құзыреттілік, ғылыми интеграция.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Есенгулова М.Н., Кульбаева Б.С., Аманжол М.А., Тилек С.Г., . 2023. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Квіт 2023), 151–161. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.016.