Бұл мақалада бастауыш мектепте инклюзивті білім беруде өзін-өзі бағалауды ұйымдастырудың технологиясы ұсынылған. Авторлар өзін-өзі бағалауды SMART қағидатына сүйене отырып, білім беру мақсаттарына жету нақты болатын тұтас процесс ретінде қарастырады. Мақала авторлары бағалау іс-әрекетінің мақсаты оқушылардың үлгерімін, бақылау және оларда өзін-өзі бағалауды қалыптастыру болып табылады, бұл мұғалімге үлкен ықпал етеді.
Сонымен бірге өзін-өзі бағалау оқу процесінің барлық қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне ықпал етуі керек, өйткені оны неғұрлым оқушының өзін-өзі бағалау дағдылары, мақсат пен міндеттерді өз бетінше қоюға, қиындықтардың себептерін анықтауға және қателіктерді түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.