Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ

Жарияланған September 2026

14

12

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аңдатпа

Мақалада білім берудегі жасанды интеллект технологияларын интеграциялау негізінде болашақ педагогтардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру моделінің теориялық негіздері мен құрылымы ашып көрсетіледі. Зерттеудің өзектілігі цифрлық кәсіби ортаның педагогтың ақпараттық қызметіне қойылатын өсіп келе жатқан талаптары мен зерттелетін бағытта мұғалімдерді дайындаудың дәстүрлі тәсілдерінің шектеулі мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздікпен айқындалады. Методологиялық негіз ретінде құзыреттілік, жүйелік және іс-әрекеттік тәсілдер қолданылады; концептуалдық негіз ретінде білім берудегі жасанды интеллекттің үш парадигмасының типологиясы алынған. Модельдеу әдісі ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру жүйесін жобалаудың құралы ретінде пайдаланылды. Әзірленген модель бес өзара байланысты компоненттен тұрады: кәсіби бағдарланған мақсаттар мен міндеттердің иерархиясын айқындайтын мақсаттық компонент; модельдің теориялық негіздері мен қағидаларын белгілейтін концептуалды-методологиялық компонент; танымдық, операционалдық және аксиоло-гиялық блоктар арқылы құрылымдалған мазмұндық компонент; тиісті оқыту формалары, әдістері мен құралдарымен бірге құзыреттілікті қалыптастырудың кезеңдік динамикасын сипаттайтын процессуалдық компонент; үш деңгейде төрт өлшем бойынша құзыреттіліктің қалыптасуын бағалауды қарастыратын нәтижелік компонент. Әзірленген модельді өзекті эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерімен салыстыру оның концептуалдық негізділігін растады және ақпараттық құзыреттіліктің аксиологиялық және рефлексивтік өлшемдерін жүйелі интеграциялау тұрғысынан қолданыстағы тәсілдерден ерекшелігін айқындады. Әзірленген модель білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтарды кәсіби даярлаудың білім беру бағдарламасы мен модульдерін жобалаудың негізі ретінде қызмет ете алады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Турсынбаева А.З., Усенова А.М., Керимбекова А.А. , . 2026. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 5–18. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.001.