Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Жарияланған December 2021

229

252

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақалада жоғары сынып оқушыларының прагматикалық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы қарастырылады. Оқыту процесінде коммуникациялық құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде саналы түрде прагматикалық құзыреттілікті қалыптастыру қажеттілігі қазіргі күнде кезек күттірмейтін мәселе екендігі баяндалады. Прагматикалық құзыреттілік ұғымын зерттеуші ғалымдардың көзқарастары талданып, оның дискурсивті құзыреттілік (мәлімдемелер құрастыру, оларды мәтінде біріктіру ережелері туралы білімі) және функционалдық құзыреттілік (әртүрлі коммуникативті функцияларды орындауға арналған мәлімдемелер қолдану іскерлігі), сонымен қатар сөйлеуді схемалық тұрғыда құрастыру құзыреттілігін қамтитындығы айтылады. Оқушылардың прагматикалық құзыреттілігін қалыптастырудың бір тәсілі ретінде сыныптан тыс бірлестіктерді, яғни тілдік ортаны құру ұсынылады. Тілдік ортада мотивациялық, мазмұндық, іс-әректетік компоненттер негізіндегі оқушылардың прагматикалық құзыреттілігінің қалыптасу динамикасының көрсеткіштері мен өлшемдері беріледі. Жүргізілген эксперимент жұмысының нәтижесі келтіріліп, ұсынылған сөз техникасын ұсыну іскерліктерінің тиімділігі баяндалады.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жанысбекова Ш.Т., . 2021. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 207–214. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.24.