Қазіргі таңда қоғам білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгеріс-терге сай болуды талап етіп отыр. Білім беру жүйесінде бұқаралық ақпарат құралдарының құндылығының өсуі олардың күнделікті өмірге терең және әр түрлі әсер етуімен байланысты. Түрлі мобильді қосымшалар ата-аналарға мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбиесінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша аса маңызды рөлге ие болып келеді. Осыған орай, Қызылорда облысы аумағындағы ата-аналарға мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбиесінде нақты қандай мәселелер туындайтынын және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қаншалықты керек екендігін айқындау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада айқындалған он алты критерий бойынша ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты өзіндік пікірлерін жеткізді. Алынған мәліметтер бойынша математикалық-статистикалық талдау жүргізілді. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық-психологиялық білімін бағалау шеңберінде сауалнаманы іс жүзінде қолдану ата-аналарға арналған мобильді қосымшалардың пайдалылығы туралы жедел кешенді ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, және де сол арқылы келесі қадамдарға қатысты қабылдана-тын шешімдердің тиімділігін арттырып, ата-аналарға арналған педагогикалық мобильді қосымшаны дамыту бағытына жол ашады. Және зерттеудегі талдау нәтижелері ары қарайғы ата-аналарды бала тәрбиесінде педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу бағытында жасала-тын мобильді қосымшаны әзірлеуге қолданылады.
АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУДАҒЫ САУАЛНАМАНЫҢ ЭКСПРЕСС-ТАЛДАУ ӘДІСІ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жарияланған October 2021
102
23
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ахметова А.С., Имангалиева Ш.Д., . 2021. АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУДАҒЫ САУАЛНАМАНЫҢ ЭКСПРЕСС-ТАЛДАУ ӘДІСІ РЕТІНДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Жов 2021), 223–233. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5496.22.