Мақалада цифрлық технологиялар мен медиаресурстардың қазақ тілін оқытудағы лингводидактикалық әлеуеті жан-жақты қарастырылады. Қазіргі цифрландырылған білім беру жағдайында тіл үйретудің мазмұны мен әдістемесін жаңғырту қажеттілігі туындап отыр. Зерттеу барысында онлайн білім беру платформалары, мультимедиалық оқу материалдары, мобильді қосымшалар және әлеуметтік желілердің қазақ тілін меңгертудегі тиімділігі талданады. Цифрлық ресурстарды қолдану арқылы білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін және тілдік дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту мүмкіндіктері айқындалады.
Сонымен қатар цифрлық технологияларды пайдаланудың білім алушылардың оқу уәжіне, танымдық белсенділігіне және өзіндік жұмыс жасау қабілетіне әсері сарапталады. Қазақ тілін оқыту үдерісінде медиа-ресурстарды мақсатты әрі жүйелі қолданудың тиімді модельдері ұсынылады. Цифрлық ортада тілдік материалды іріктеу мен ұсынудың дидактикалық талаптары негізделеді. Зерттеу нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге және цифрлық білім беру ресурстарын тәжірибеде тиімді пайдалануға әдістемелік негіз бола алады.
