Ғылыми мақалада мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің сұхбат жауаптарын сапалық талдау нәтижелері негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық ерекшелігін анықтау қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңартуда оның сапалы мазмұны ерекше назар аударуды қажет етеді. Сонымен қатар мектепке дейінгі экологиялық білім беруді дамыту мәселесі мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі, әрі тұлғаның экологиялық мәдениеті өзекті мәселе. Мектеп жасына дейінгі кезең тұлға бойында экологиялық ойлау мен сананың қалыптасуында маңызды кезеңі болып саналады. Экологиялық білім беру мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-эмоционалдық және танымдық дағды-ларының дамуына тікелей әсер етеді. Осы бір мәселенің өзектілігін ескере келе, мектепке дейінгі ұйым педагог-терінің тәжірибесіне сүйеніп балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық ерекшелігін анықтауда мектепке дейінгі экологиялық білім беру мазмұнын жетілдіруге ықпал ететін факторлар мен тиімді әдістерді талдауды мақсат етіп отырмыз. Ғылыми жұмыстың зерттеу сұрағы мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін педагогикалық әдіс-тәсілдердің ерекшелігін талдау. Аталған зерттеу мәселесі бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінен сұхбат алынып, сұхбат жауаптары сапалық әдіспен талданды.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ: САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
экологиялық білім беру
мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
экологиялық мәдениет
мектеп жасына дейінгі балалар
тұлға
эмпатия
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жакупова А.Ж., Сейлхан А., Амантаева А., Юсупова И., . 2026. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ: САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 377–389. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.034.
