Цифрлық технологиялардың даму перспективасын философиялық тұрғыдан түсіндіру, бір жағынан, өз қызметінде цифрлық технологияларды ыңғайлы және өнімді, екінші жағынан қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету туралы ойлануға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, болашақ педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін дамытудың моделі білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды және оларды қолдану әдістерін меңгеруде болашақ педагог-психологтарды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды. Сонымен бірге болашақ педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін дамытуды олардың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы дағдыларын қалыптастырумен біріктіреді. Ұсынылып отырылған модель мақсаттық, мазмұндық, нәтижелік блоктарды қамтиды. Модельді іске асыру жүйелік, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұғырларға, сондай-ақ интеграция, үздіксіздік, тәжірибеге бағдарлану қағидаларына негізделген. Сондықтан біз әзірлеген модельді пайдалану болашақ педагог-психологтардың кәсіби қызметте цифрлық технологияларды тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін қажетті құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МОДЕЛІ
Жарияланған December 2025
23
45
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
модель
цифрлық құзыреттілік
цифрлық технологиялар
білім беруді цифрландыру
цифрлық оқыту
цифрлық білім беру ортасы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шолпанкулова Г.К., Ермекова М.А., Рахимгалиева П.С. , . 2025. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 83–93. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.008.
