Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР МОДЕЛІ (SEM) НЕГІЗІНДЕ STEM – БІЛІМ БЕРУДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ SOFT SKILLS ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Жарияланған September 2025

2

6

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет
Аңдатпа

Икемді дағдыларды (soft skills) дамытуда STEM-білім беру ерекше рөл атқарады, себебі ол жаратылыстану-ғылыми білімді интеграциялап қана қоймай, жобалық және зерттеушілік әрекет арқылы білім алушылардың сыни ойлауын, креативтілігін, ынтымақтастық және коммуникациялық қабілеттерін дамытады. Бірақ бұл ықпалдың механизмін нақтылау үшін дәстүрлі статистикалық әдістер жеткіліксіз. Осы тұрғыда құрылымдық теңдеулер моделі (SEM) сияқты заманауи әдістемелерді пайдалану STEM-білім беру мен soft skills арасындағы каузалдық байланысты дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсаты STEM-білім беру деңгейінің soft skills көрсеткіштеріне ықпалын анық-тап, олардың арасындағы каузалдық байланысты құрылымдық теңдеулер моделі (SEM) негізінде бағалау болып табылады.

Зерттеу квази-эксперименттік сипатта жүргізілді. STEM қатысу деңгейі STEM_1–STEM_5 индикаторлары арқылы өлшенді, ал soft skills көрсеткіштері төрт фактор бойынша (коммуникация, ынтымақтастық, креативтілік, проблеманы шешу) 12 индикатор арқылы бағаланды. Құрылымдық теңдеулер моделін (SEM) қолдану нәтижесінде STEM-білім беру мен soft skills арасындағы байланыстың статистикалық тұрғыда мәнді екені анықталды. Модельдің сәйкестік индекстері ұсынылған нормаларға сәйкес келді (χ²/df = 1.01, RMSEA = 0.009, CFI = 0.995, GFI = 0.963), бұл модельдің деректерге жоғары деңгейде сәйкесетінін көрсетті. STEM факторының soft skills дамуына тікелей әсері жоғары деңгейде болды (β ≈ 0.70, p < 0.001), бұл STEM тәсілдерін қолдану білім алушылардың коммуникация, ынтымақтастық, креативтілік және проблеманы шешу сияқты дағдыларын дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін  дәлелдейді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Раманкулов Ш.Ж., Нуризинова М.М., Усембаева И.Б., Берди Д.К., . 2025. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР МОДЕЛІ (SEM) НЕГІЗІНДЕ STEM – БІЛІМ БЕРУДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ SOFT SKILLS ДАМУЫНА ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 122–133. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.011.