Мақалада Қазақстанда CLIL- педагогінің шетттілдік және кәсіби даярлығының өзектілігі айтылады. Ғылыми дереккөздердің негізінде CLIL, BICS, CALP ұғымдарына отандық және шетелдік авторлардың берген анықтамаларына сараптама жасалынған. Қазіргі кезде CLIL педагогінің шеттілдік және кәсіби құзыретін қалыптастыру жолдары зерттеушілер арасында қарқынды талқыланып отырғанын, әлі де зерттеу тұстары бар екендігі ескеріледі. СLIL педагогінің құзыретінің қалыптасуы мен дамуы көптілді білім беруде басты мақсаттардың бірі. Бүгінгі күні педагогтің кәсіби шығармашылық әрекетінің нәтижесін тиімді пайдалану арқылы білім беру сапасын одан әрі дамытуға болатындығы белгілі. Өйткені ол дайындаған ертеңгі бәсеке қабілетті шәкірт экономика, техника, ғылым, саясат және жалпы қоғам дамуының шешуші күшіне айналатыны сөзсіз.Бұл CLIL педагогінің шеттілдік және кәсіби дағдыларын білім жетілдіру курстарына қатысып, жүйелі дамытқан кезде ғана жүзеге асады.
Сонымен қатар, мақалада тілдік даярлау модулі мен кәсіби дайындық модулінің маңыздылығы мен мазмұны, сондай-ақ модульді аяқтағанда тыңдаушы бойында қалыптасатын CLIL педагогінің дағдылары мен қабілеттері сөз етіледі.