Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНЕН ТОЛЫҚТАЙ АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТИТІН АТА-АНАЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Жарияланған March 2026

0

0

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Аңдатпа

Бұл мақалада есту қабілетінен толықтай айырылған балаларды тәрбиелеп отырған еститін ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге тетіктері зерттеліп, еліміздің Шығыс Қазақстан облысында эксперименттік жүргізілген жұмыс негізінде жазылды.

Жаһандану дәуірінде әлеуметтік өмірде де, білім беруде де толықтыру, жаңарту, озық технологияларды кіріктіру процестерінің кеңеюімен орта білім беру қажеттіліктері бар ерекше балаларды әлеуметтендіру мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау теориясы мен практикасын дамытудың өзектілігі артып келеді. Қоғамды жаһандандыру кезінде әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі - есту қабілеті шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасын психологиялық-педагогикалық қолдау мәселесі.

Осы ғылыми мақаланың авторлары есту қабілеті шектеулі баланы тәрбиелейтін отбасылық қатынастардың ерекшеліктерін, мектептегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу механизмдерін зерттеді.

Мақсаты есту қабілеті шектеулі балалардың еститін ата-аналарын психологиялық-педагогикалық қолдаудың механизмі мен проблемаларын анықтау болды.

Зерттеу нысаны есту қабілеті шектеулі балалардың (7-16 жас) еститін ата-аналары. Зерттеу үшін есту қабілеті шектеулі балалардың еститін ата-аналары тартылып, «snowball» әдісі таңдалды. Эксперименттік бөлімде респонденттердің қол жетімділігі шектеулі болды, оны тек сенімді адамдар арқылы алуға болады. Респонденттердің жалпы саны 20 адамды құрады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Janpeisova Zh., Sarsenova A., Yessenamanova K., Shalabayeva L., . 2026. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНЕН ТОЛЫҚТАЙ АЙЫРЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТИТІН АТА-АНАЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2026), 432–440. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.89.1.040.