Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОО-ДАҒЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған July 2025

32

29

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада білім беру қызметіндегі рефлексиялық тәсілді қолдану жолдары қарастырылып, зерттеушілердің осы бағыттағы зерттеу жұмыстарына талдау жасалды.  «Рефлексиялық тәсіл» мазмұнына берілген анықтамалар талданып, оның негізгі құрамдас бөліктері анықталды. Сонымен қатар, мақалада рефлексия ұғымы, оның түрлері мен формалары да айқындалды. ЖОО-дағы ағылшын тілі сабақтарында рефлективті тәсілді жүзеге асыруға бағытталған, сабақ барысында білім  алушылардың танымын дамытуға ықпал ететін және оларға алған білімдерін сәтті талдауға мүмкіндік беретін оқу іс-әрекетінің әдістері де талданды. Осымен байланысты ағылшын тілі сабақтарында рефлексиялық тәсілді жүзеге асырудың тиімді жолдары мен механизмдері анықталды. Көрнекі материалдардың және алдын-ала дайындалған тезистердің көмегімен, сондай-ақ еркін түрде талқылау бойынша бөлінетін рефлексия топтарының мәні ашып көрсетілді.

Қазіргі білім беру процесі оқытушының оқу іс-әрекетінде рефлективті тәсілдердің жүйелі түрде қолдануын талап етеді. Оқытушының рефлексиялық тәсілді тиімді қолдануы нәтижесінде білім алушылардың танымы кеңейіп, алынған білімді сәтті талдауға бейімделеді. Рефлективті тәсілді оңтайлы жүзеге асыру кезінде білім алушылар оқу процесіне тікелей қатысуға, атап айтқанда, оқытушының жетекшілігімен өз мүдделері мен мақсаттарына негізделген материалды таңдауға, олардың қазіргі нәтижелерін өткенмен салыстыру қабілетін игере отырып, оқудағы жетістіктерін болжауға мүмкіндік алады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сейдалиева Г.О., Ауелгазина Т.К., Шаймақова Т.Ғ. , . 2025. ЖОО-ДАҒЫ ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 108–120. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.010.