Жобалық оқыту әдісі – бұл денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі студенттердің (ДБМШ) нақты тапсырманы орындауға бағытталған интерактивті өзара әрекеттесуіне негізделген педагогикалық және білім беру үдерісі. Мақалада ДБМШ студенттерді оқытуда жобалық оқытуда кіріктіре қолданылған коучинг техно-логиясын қолданудың тиімділігі қарастырылады. Зерттеуде Т.И. Ильина әдісі, Т. Эллерс әдістемесі және С.Уиддет пен С. Холлифорд сауалнамасы пайдаланылды. Эмпирикалық зерттеуге М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің педагогикалық және техникалық мамандықтары бойынша 1-4 курс оқитын, әртүрлі дәрежедегі мүгедектігі бар 24 студент қатысты. Оқуға деген мотивацияны дамыту, білім алу және кәсіптік дағдыларды меңгеру мақсатында тренинг әдісі өткізілді, онда ДБМШ студенттер коучингтік жат-тығуларды орындады. Зерттеу нәтижелері коучинг технологиясын жобалық оқытуда қолдану ішкі мотива-цияны, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды дамытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Коучинг технологиясын қолданудың нәтижесінде респонденттердің 50%-ының (n=12) білім алуға деген ұмтылысы артты, сапалы білім алуға қызығушылық пайда болды, 37,5%-ы (n=9) кәсіби білімді меңгеруге және кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыруға тырысты. Тек диплом алғысы келетін респонденттердің саны 12,5%-ға (n=3) дейін төмендеді.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СТУДЕНТТЕРДІ ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДАҒЫ КОУЧИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланған July 2025
33
27
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
коучинг технология
жобалық оқыту
ДБМШ білімгерлер
мотивация
білім алу
мамандықты меңгеру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Джанзакова М.А., Парманкулова П.Ж., . 2025. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ СТУДЕНТТЕРДІ ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУДАҒЫ КОУЧИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 78–88. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.007.

