Мақалада «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесі контекстінде болашақ педагогтың рухани-шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі педагогтарды даярлаудың қажеттілігімен байланысты, олар тек білім берумен ғана шектелмей, сондай-ақ жылдам өзгеріп отырған білім беру және әлеуметтік орта жағдайында білім алушылардың шығармашылық және рухани қасиеттерін дамытуы керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты – педагогикалық мамандық студенттерінің рухани-шығармашылық әлеуетін педагогикалық даярлық аясында қалыптастыруға ықпал ететін теориялық көзқарастар мен практикалық әдістерді талдау. Зерттеу барысында теориялық, эмпирикалық зерттеу әдістер қолданылды. Мәліметтерді жинау үшін сауалнама, зерттеушілермен сұхбат, педагогикалық іс-тәжірибеге бақылау, психодиагностикалық әдістемелер және университеттердің оқу бағдарламаларын талдау және педагогикалық эксперимент қолданыл-ды. Зерттеуге педагогикалық бағыттағы бакалавриат студенттері, жоғары оқу орнының оқытушылары, мектеп тәлімгерлері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Зерттеу нәтижелері «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесіндегі білім беру ұйымдарының өзара әрекеттесуі болашақ педагогтардың шығармашылық және рухани қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мәліметтерді талдау негізінде болашақ педагогтардың рухани-шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін тиімді әдістер мен жұмыс формалары, педагогикалық практикадағы инновациялық тәсілдер мен гуманитарлық және шығармашылық пәндерді жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламаларына енгізу айқын-далды. Сондай-ақ, жоғары оқу орны мен мектептердің өзара байланысын нығайту, болашақ педагогтардың рухани және шығармашылық тұлғасын дамытуға бағытталған әдістерді оқу процесіне енгізу қажеттілігімен сипатталды.
