Ерекше білім беру қажеттіліктері бар кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру мәселесі бүгінгі білім беру жүйесінде маңызды орын алуда. Осы санаттағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, олардың оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, қызығушылықтарын арттыру, жеке қабілеттерін дамыту аса қажеттілікке айналуда. Бұл жұмыс ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу мотивациясын арттыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен педагогикалық стратегияларды зерттейді. Оқу мотивациясын қалыптастыру арқылы оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуы, өзіндік танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарын дамыту мақсат етіледі. Сонымен қатар, педагогикалық көмек көрсету, психологиялық қолдау мен арнайы оқу бағдарламаларын пайдалану, мектепте шығармашылық және тұлғалық дамуды ынталандыру – оқу мотивациясын арттырудың маңызды құралдары ретінде қарастырылады.
Бұл зерттеу ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ПДТ) оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді, оқу ортасының әсерін, мұғалім мен ата-ананың рөлін талдайды. Нәтижесінде, оқу мотивациясын арттыру арқылы білім сапасын көтеру және оқушылардың әлеуметтену процесін жеңілдету мақсатында тиімді педагогикалық әдістер ұсынылады.
