Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған July 2025

32

34

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазіргі таңда ақпараттың көлемі мен қол жетімдігінің артуы білім алушылардан ақпаратты тиімді пайда-лану, бағалау және синтездеу қабілеттерін талап етеді. Сол себепті бұл мақала бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру мәселесіне арналады. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде оқушыларға оқу сауаттылығын қалыптастыру жағдайына талдау жасалды. Мақалада оқу сауаттылығы – жазбаша мәтіндерді түсіну, оларды талдау және өмірде қолдану қабілеті ретінде анықталды.

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімдердің ролі мен түсінігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінен ашық сауалнама алынды. Зерттеу барысында сапалық әдіс қолданылды, бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің түсініктері мен тәжірибесін терең зерделеуге мүмкіндік береді. Алынған деректер мазмұндық талдау әдістері арқылы өңделіп, тақырыптық талдау жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде, мұғалімдердің  оқу сауаттылығын қалыптастырудағы рөлі бойынша негізгі тақырыптық бағыттар анықталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жекеева А.Е., Жумабаева А.Е., . 2025. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 353–366. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.032.