Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК - БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ

Жарияланған December 2024

7

18

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

 Бүгінде Қазақстанның  әлемнің  озық  отыз  елінің  құрамына  кіру стратегиясының  жүзеге  асырылуы    және  соған  сәйкес  әлемдік  білім беру кеңістігіне ену қажеттілігі ЖОО нарық талаптарына сай мамандарды дайындау мәселесін алға шығаруда. Қазіргі еңбек нарықтық экономика өндіріс әлеміне еркін ене алатын, табысты әрекет етуге негіз болатын білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ең бастысы тұлғалық сапалары дамыған бәсекеге қабілетті мамандардың жаңа типін  қалыптастыру міндеттерін  қоюда.

Экономика саласында  бұл ұғым өндірілетін тауарлардың  сұранысқа ие болуын сипаттағанымен,  қазіргі кезде бәсекеге қабілеттілік – өнеркәсіптік өнімнің құндылық және сапалық параметрлерін көрсететін жан-жақты ұғым екенін көреміз. Бұл ретте педагогикалық жоғары оқу орындарының  басты өнімі елдің ертеңгі күнгі үкілі үміті бала тәрбиесімен айналысатын болашақ педагогтарды сапалы дайындауда екендігінде.

Қазіргі кезде «әлеуметтік серіктестік» ұғымы педагогикалық лексиконда кең қолданылып жүргендіктен білімді басты құндылық ретінде қабылдайтын  азаматтық қоғамның ерекше институты.  Білім берудегі әлеуметтік серіктестік білімге қатысы бар әртүрлі әлеуметтік институттардың (жұмыс берушілер, еңбекпен қамту орындары, кәсіподақтар, мәдениет, спорт мекемелері, ата-аналар т.б.) өзара әрекеттестігі. Мұндай байланыс негізінде білім беру жүйесінің практикалық бағыттылыққа қарай өзгеруі орын алады.

Бұл зерттеуде болашақ педагогтiң бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың теориялық  мәселелері қарас-тырылады, практикалық шешу жолы ретінде ЖОО әлеуметтік серіктестік мекелелерімен бірлескен жұмысы алынып, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары тәжірибеден өткізіледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Aтабекова Б.Б. . 2024. ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК - БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 288–298. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.026.