Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін оқу диалогы арқылы қалыптастырудың теориялық аспектілері және бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетінің қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтауға арналған диагностикалық жұмыстардың мазмұны ұсынылады. «Диалог», «оқу диалогы» және «сөйлеу мәдениеті» ұғымдарының мазмұны философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан талданады. Философиялық мәні сөйлесетін адамдардың қарым-қатынасын, түсінісу тәртібі мен ішкі мәдениетті білдіреді, ал психологиялық мәні айтылатын ойды жоспарлау, шыдамдылық, тұрақты эмоционалды мінез-құлық, ойлау қабілеттлігі, зейін қою, сезiмi, қиялдай бiлу ерекшелiктерiмен көрсетіледі, педагогикалық тұрғыда оқушы өзінің осы немесе басқа құбылыстарға деген бағасын дұрыс бергендігін, дұрыс пайымдағанын тексереді, өз мүмкіндігін бағалайды, дұрыс құрылған диалогта (кейіпкер бейнесін, жағдайын, уақытын) байқайтындығы мақалада терең талданады.
Эмпирикалық бөлімде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін зерттеу және олардың қиындық-тарын анықтау, сонымен қатар бастауыш сыныптардағы 3- сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетінің қалып-тасу деңгейін тәжірибе жүзінде анықтау бойынша диагностикалық жұмыстардың мазмұны талданды. Диаг-ностикалық жұмыстардың мақсат-міндеттеріне сәйкес тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге бастауыш сынып-тың 3-сынып оқушыларынан 122 оқушы эксперимент (62оқушы) және бақылау (60оқушы) топтарына қатысып, олардың көрсеткіштері кесте және гистограмма сипатында берілді. Статистикалық талдаулар жасалды.