Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған December 2024

8

16

Бөкетов атындағы Қарағанды университет
Аңдатпа

Мақалада ұлттық спорт түрлері негізінде бастауыш сынып білім алушыларының әлеуметтік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық аспектілері қарастырылады. «Құндылық», «әлеуметтік құндылық» ұғымдарының философиялық, психологиялық және педагогикалық мәндері сипатталады. Талдаулар барысында әлеуметтік құндылықтар – кең мағынасында – болмыстағы құбылыстар мен заттардың, қоғамның, әлеуметтік топтардың және жеке тұлгалардың қажеттілігіне сәйкес келу немесе сәйкес келмеу тұрғысындағы маңыздылығы; тар мағынасындағы - адам мәдениетінің және қоғамдық сананың өнімі ретінде қалыптасқан ізгілікті және эстетикалық талаптар деп нақтыланады. Әлеуметтік құндылықтардың белгілері ретінде қоғам мүшелеріне арналған жалпы ережелер, уақытқа байланысты үздіксіз жұмыс істеу, қоғамдық қатынастарды реттеу, ерікті және саналы әрекеті деп түсіндіріледі. Сондай-ақ, мақаладағы теориялық талдаулар бойынша бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлқын әлеуметтік құндылықтар арқылы реттеу жолдарының өмірлік және әлеуметтік түрлері бірнеше атрибуттарды реттейді. Атап айтсақ, өмірлік: өмір, денсаулық, дене бітімі, қауіпсіздік, әл-ауқат, адам жағдайы (тоқтық, тыныштық, көңілділік), күш, төзімділік, өмір сүру сапасы, табиғи орта (экологиялық құндылықтар), практикалық, тұтыну және т.б., ал әлеуметтік: еңбексүйгіштік, байлық, еңбек, отбасы, бірлік, отансүйгіштік, төзімділік, тәртіп, іскерлік, тәуекелге бару, әлеуметтік теңдік, қол жеткізу қабілеті, жеке тәуелсіздік, тұтыну деңгейі және т.б. атрибуттарды баяндайды.

Эмпирикалық бөлімде Ш.Шварцтың «Құндылық сауалнамасы» әдістемесі және  М.Рокичтің «Құндылық бағдарды анықтау» әдістемесі бойынша бастауыш сынып оқушыларына тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абильдина С., Абилмажит Б., Есентаев Н., . 2024. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 277–288. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.025.