Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МЕКТЕПТЕГІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Жарияланған December 2024

16

12

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазақстанда халықаралық дуалды оқыту технологиясы жетістіктерін мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына ендіру практикасында, білім мекемелерінде еңбек тәрбиесі үрдісінде органикалық қалдықтарды (биогумус, вермикомпост) өңдеу арқылы мектеп  оқушыларының экологиялық санасын дамыту мәселелеріне терең назар аудару аталмыш еңбектің басты шарты саналады.

Жаңа Қазақстан жағдайында қалыптаса бастаған жасанды интеллект (Artificial intelligence), жасыл технология (Green technology), цифрлық трансформация (Digital transformation), БҰҰ жаһандық жылыну ілімі (UNESCO Climate Change Education) және басқа қоғамдағы құбылыстарды зерделеу мен болжауға бағытталған іргелі бетбұрыстар, жас ұрпақтың бойына еңбек тәрбиесі арқылы экологиялық санасын дамытуда органикалық қалдықтарды өңдеуді үйренуге, зерделеуге айырықша ықпал етіп отырғаны осы мақалада жүйелі баяндалады.

Тақырыпта көтерілген күрделі мәселелер тоғысында бірқатар ғылыми тұжырымдар мен жоғары оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектептер арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты сақтай отыра, оқушылардың университет ұстаздары кеңесі арқылы еңбек тәрбиесі үрдісінде органикалық қалдықтарды өңдеуде қоғамға пайдалы кәсіп тәжірибелерін жас ұрпақтың экологиялық санасын дамытудың педагогикалық проблемаларымен ұштастырудың бірқатар түйіндерін шешу жолдары жан-жақты қарастырылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Курсабаев М.К., Сайдахметов Б.С., Cержанұлы Б. . 2024. МЕКТЕПТЕГІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2024), 349–357. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.031.