Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ТЕЛЕМАТИКАСЫ АРҚЫЛЫ КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жарияланған September 2025

5

9

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Аңдатпа

Оқытудың икемді жүйелерін құруға бағытталған білім беру үдерісінде кері байланыстың рөліне аса маңызды көңіл бөлінеді. Кең мағынада кері байланыс оқытушы мен студенттер арасындағы білім беруде туындаған мәселелер, әрекеттер немесе оқиғаларға жауап беруді білдіреді. Зерттеу барысында кері байланысты ұйымдастыру формалары мен түрлері талданып, олардың білім сапасын арттыру, оқытудың жаңа әдістерін дамыту, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастырудағы әсерлері анықталды. Сонымен қатар, білім беру телематикасы контекстінде құрылған virtualedu платформасының мүмкіндіктері ұсынылды. Ол мүмкіндіктерге білім беру телематикасында дәріс, практикалық сабақ, топтық, жұптық жұмыс, семинарлар өтуге, кері байланыс ұйымдастыруға болады. Мұнда чаттар мен бейне қоңыраулар функциялары платформаның өзіне біріктірілген. Бұл пайдаланушыларға нақты уақыт режимінде пікірлерімен бөлісуге, сұрақтар қоюға және қолдау алуға мүмкіндік береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Керимбаев Н.Н., Адамова К.А., Азыбаев М.А. , . 2025. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ТЕЛЕМАТИКАСЫ АРҚЫЛЫ КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2025), 133–142. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.87.3.012.