Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған September 2024

74

52

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ педагогтерді кәсіби іс-әрекетке дайындауда білім беру ресурстарын пайдалана білуге даярлау мәселесі жан-жақты қарастырылып, талдау жасалды. Жылдам өзгеретін әлемде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби іс-әрекетіне жалпы дайындығының белгілі-бір көрінісі ретінде білім беру ресурстарын пайдалануға дайындау өзекті мәселе екендігіне тоқталады.

Білім беру ресурстары - білім беру мазмұнын анықтайтын дидактикалық құндылығы бар материалдар. Білім беру ресурстарын қолдану педагогтерге оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Білім беру ресурстарының түрлеріне - оқулықтар мен оқу құралдары, онлайн курстар, мультимедиалық материалдар, веб-ресурстар, интерактивті оқу қосымшалары мен бағдарламалары, білім беру ойындары, арнайы құрал-жабдықтар, оларға зертханалық жабдықтар, белгілі бір пәндерді оқытуға қажетті техникалық құралдар мен жабдықтарды жатқызуға болады.

Мақала білім беру ресурстары бойынша қарастырылған зерттеулер, ғалымдардың еңбектері, осы сала бойынша жарияланған жазбалар, нормативтік құжаттар, әдістемелік нұсқаулықтарға сүйене отырып жазылды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы студенттерімен жүргізілген «Болашақ педагогтың білім беру ресурстары туралы танымы» атты сауалнама нәтижелері талданды. Зерттеу әдісі ретінде аналитикалық шолу және талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелері бойынша білім алушылардың білім беру ресурстарына деген көзқарастары анықталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Хабиева Д.Г., Жумабаева А.Е., . 2024. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 177–188. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.017.