Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МИКРОКВАЛИФИКАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ЖАҢАРТУ

Жарияланған September 2024

32

55

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазақстанның әлемдік саяси-экономикалық кеңістікке интеграциялануы болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел әрекет етуді қажет етіп отыр. Осыған байланысты педагогикалық мамандарды даярлау үдерісінің жаңарып, жаңғыруы заңды құбылыс. Мәселені шешудің тиімді жолы – білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау және дидактикалық тұрғыдан жаңашылдықтарды енгізу. Білім берудің осындай трансформациясы жаңа трендке – қысқа оқыту бағдарламалары (микроквалификациялар) және микро дәрежелер деп аталатын жүйелерді енгізуге алғашқы қадамдар жасауға әсер етуде. Мұндай білім беруді  жоғары мектептерде және одан кейінгі басқыштар тәжірибесінде қолдану болашақ мамандардың  жеке мүдделері мен қажеттіліктерін, ниеттерін өтеуге, екіншіден олардың  заман талап етіп отырған  жаңа дағдыларды қолжетімді әрі қысқа мерзімде игеріп қоғамға пайдалы болуларын қамтамасыз етеді.

Ғылыми мақаланың мақсаты микроквалификация принциптерін қолдана отырып, ЖОО оқытушыларының кәсіби дағдыларын едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін әдістемені зерттеу және әзірлеу болып табылады, жоо оқытушысының кәсіби тұрғыда қайта даярлау нәтижесінде білім беру процесі мен студенттерді даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Sovetkanova D., Assilbayeva R., Dzumagaliev А. . 2024. МИКРОКВАЛИФИКАЦИЯ НЕГІЗІНДЕ ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ЖАҢАРТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2024), 236–245. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.83.3.022.