Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

STEAM-ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЕРЕСЕК МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ IT-ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Жарияланған March 2024

224

224

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада STEAM-технологиясы арқылы ересек мектеп жасына дейінгі балалардың IT-дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылған. «Z», «Gen Alpha» және «Бета-армандаушылар» ұрпақтарының тән ерекшеліктері талданады. ҚР Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары, Педагогтердің I съезінің «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасы (2023), EdCrunch 2023 «Әрқайсысы үшін сапалы білімге тең қолжетімділік» жаһандық конференциясы қаралды. Мектеп жасына дейінгі баланың зияткерлік саласын дамытуға сипаттама берілген. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінде STEAM технологиясын қолдану туралы шетелдік педагог-зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасалды. STEAM технологиясына сәйкес, авторлардың анықтамасы бойынша, балалар болып жатқан оқиғалардың өзара байланысын көруге үйренеді, логика принциптерін жақсы түсіне бастайды және өз модельдерін құру барысында олар жаңа және ерекше нәрсені ашады. Кешенді тәсіл олардың қызығушылығын, бастамасын дамытуға, білім беру процесіне қатысуға ықпал етеді. Авторлар STEAM-технологияның білім беру модульдеріне қысқаша сипаттама және күтілетін нәтиже берді: Ф. Фребельдің дидактикалық жүйесі; тірі және жансыз табиғатпен тәжірибелер; LEGO-құрылыс; математикалық даму; робототехника; «Мен әлемді жасаймын» мультстудиясы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың IT-дағдыларын дамытуда STEAM-технологияның тиімділігін анықтау мақсатында авторлар осы технологияны мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-білім беру процесіне енгізу жоспарын әзірледі, ересек топтың ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен іс-шаралар жүйесін ұсынды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Kyyakbaуeva U., Onlanbekkyzy G., Serzhanuly B. . 2024. STEAM-ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ЕРЕСЕК МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ IT-ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 395–405. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.034.