Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ»ҰҒЫМЫНЫҢ КОНТЕНТ-ТАЛДАУЫ

Жарияланған March 2024

58

98

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

 

Мақалада зерттеуші ғылыми педагогикалық, психологиялық, арнайы әдебиеттерге сүйене отырып, инклюзивті білім беру мәселесін кеңінен қарастыруға тырысқан. Автор қазақстандық және шетелдік ғалым зерттеушілердің еңбектерін зерделей келе, контент- талдау әдісін пайдалану арқылы «инклюзивті білім беру» ұғымына жан- жақты  талдау жасаған. Контент -талдаудың түйіні ретінде инклюзивті білім берудің ерекше сипаттарын анықтаған.

Мақалада инклюзивті білім беру мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыруда басшылыққа алатын мынадай: медициналық модель, қалыпқа келтіру моделі және әлеуметтік модель  сияқты амалдарды анықтаған.

Сонымен қатар, АҚШ мен Еуропа елдерінің білім беру саясатындағы білім беру амалдарына тоқталған: білім беруге қол жетімділікті кеңейту, мэйнстриминг, интеграция, инклюзия, білім беру мекемелерін реформалау.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау негізінде автор өз түсінігін ұсынады, яғни инклюзивті білім беру- бұл әлемдік білім берудің заманауи тенденцияларына сәйкес даму бағыты, білім беру жүйесінде жоғары құндылықтарға, мәдениетке негізделген жаңа деңгейі екенін алға тарта отырып,инклюзивті білім берудің құрылымын анықтаған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Шадырова А.Б., . 2024. ҒАЛЫМ ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ»ҰҒЫМЫНЫҢ КОНТЕНТ-ТАЛДАУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 81, 1 (Бер 2024), 78–88. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.008.