Бүгінгі цифрлық қоғамда мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналуда. Өйткені, мектеп жасына дейінгі бала көп нәрсені алғаш рет меңгереді, іс-әрекеттің жалпыланған әдістері оның қоршаған әлемді танудағы іс-әрекетінің табыстылығы мен тиімділігінің қажетті шарты болып табылады. Өз іс-әрекетін саналы түрде ережеге бағындыра білу, мақсатқа жету үшін іс-әрекеттер тізбегін құру, орындау және түзету мүмкіндігі мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларының негізін құрайды.
Бұл мақалада авторлар мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларын қалыптастыру мәселесінің жай-күйіне талдау жасаған. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жұмыстарды талдау негізінде когнитивті, реттеуші және коммуникативті компоненттерді қамтитын мектеп жасына дейінгі балалардың алгоритмдік дағдыларының құрылымы анықталған.
Авторлар ұсынып отырған әдістеменің мазмұнды-әрекеттік компоненті талданып, алгоритмдік дағдыларды қалыптастыру құралдары (ойындар-проблемалар, толық емес іс-қимыл құрамы бар ойындар, квест ойындары, ережелі ойындар, интеграцияланған типтегі тапсырмалар) арқылы оның тиімділігін ұтымды дәлелдей алған.
