Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

КОУЧИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ

Жарияланған December 2024

64

45

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Аңдатпа

Мақалада болашақ педагог-психологтарды оқыту процессінде сыни ойлау қабілеттерін коучинг технологиялар арқылы дамытудың тиімділігі зерттеледі. Педагогикалық практикада сыни ойлауды дамыту құралы ретінде коучингтің ерекшелігіне назар аударылады.

Қазіргі білім беру процесінде болашақ мамандардың, әсіресе педагогика мен психология саласындағы сыни ойлауды дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Бұл мақала студенттердің сыни ойлауды дамытудың тиімді құралы ретінде коучинг технологиясын енгізу мүмкіндіктерін талдауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты-коучинг әдістерін қолдану, ақпаратты сыни тұрғыдан талдау, негізделген шешімдер қабылдау және кәсіби мәселелерді шешуде шығармашылықпен қарау қабілетінің қалыптасуына қалай әсер ететінін бағалау.

Мақалада сыни ойлаудың теориялық негіздеріне, оның педагог-психологтардың білім беру қызметіндегі рөлі мен маңыздылығына шолу жасалады. Коучингтің негізгі аспектілері, оның әдістері қарастырылады, олар сыни ойлауды дамыту үшін оқу процесіне тиімді біріктірілуі мүмкін.

Зерттеу әдістемесі сапалы және сандық талдауды, сауалнамаларды, сұхбаттарды және педагогикалық уни-верситеттердің студенттері арасында кейс-стадиді қолдануды қамтиды. Зерттеу нәтижелері коучинг элемент-терін білім беру процесіне қосу студенттердің сыни ойлау деңгейін арттыруға, олардың аналитикалық дағды-ларын және күрделі мәселелерді өз бетінше шешу қабілетін жақсартуға ықпал ететінін көрсетеді.

Қорытындыда болашақ педагог-психологтарға арналған білім беру бағдарламасына коучинг технология-ларын интеграциялау білім беру сапасын жақсартудағы және қарқынды өзгеріп отыратын білім беру және кәсіби контексте сыни тұрғыдан ойлауға және тиімді жұмыс істеуге қабілетті білікті мамандарды даярлаудағы перспективалық бағыт болып табылатыны атап көрсетілген.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абильдина А.Б., Абибулаева А.Б., . 2024. КОУЧИНГ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕНГІЗУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 85 (Груд 2024), 128–137. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.84.4.012.