Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

НАОКО ТАГУЧИДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ: СЫНИ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ

Жарияланған June 2024

21

23

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Бұл мақалада Наоко Тагучидің прагматикалық құзыреттілік туралы зерттеулері мен педогогикалық методологиядағы тиімді қарым-қатынастың маңызды аспектіслері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты Тагучидің тұжырымдарын бейімдеу арқылы қазақ тілінде оқитын оқушылардың прагматикалық құзіретін арттыруға мүмкіндік беретін педогогикалық методиканы жетілдіру. Осы мақсатқа жету үшін авторлар Тагучидің 2000 жылдардан бастап осы кезге дейінгі жариялаған ғылыми еңбектеріне сыни талдау жасалып, прагматикалық оқытуға және қазақ тілін үйренушілер арасында прагматикалық құзыреттілікті арттыру стратегияларына назар аударады.

Негізгі нәтижелер Тагучи зерттеулерінің хронологиялық эволюциясын жүйелеп көрсетті. Шолуда прагматикалық құзіреттілікке қатысты 2000 жылдардың алғашқы кезеңдеріндегі зерттеулерінен бастап, прагматикалық оқыту технологиясының жетілдірілген саласындағы соңғы әзірлемелерге дейін қамтылады. Тагучидің жұмысынан алынған негізгі идеялар контексттелген және интерактивті оқыту ортасының маңыздылығын және технологияның, әсіресе цифрлық ойындардың тілдің прагматикалық аспектілерін оқытудағы тиімділігін қамтиды.

Мақалада осы идеяларды қазақ тілін оқытушы педогогтардың сабақ беру тәсілдері ретінде тәжірибеде сынауды және қолдануды ұсынылады. Бұл интерактивті және контекстке бағытталған оқыту үшін цифрлық құралдарды пайдалануды және оқыту әдістерін Қазақстанның бірегей мәдени және тілдік контекстіне бейімдеуді көздейді. Бұл стратегиялар қазақ тіліндегі оқушылардың жан-жақты прагматикалық құзыреттілігін дамытуға, оларды әртүрлі контексте тиімді қарым-қатынас жасауға дайындауға бағытталған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жанысбекова Ш., Даулетбекова Ж., . 2024. НАОКО ТАГУЧИДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ: СЫНИ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 82, 2 (Чер 2024), 78–87. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.82.2.007.