Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Жарияланған March 2024

80

80

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға ЖОО-да арнайы педагогтарды даярлаумен байланысты Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерінің біріне арналған. Авторлар мектепке дейінгі және мектеп инклюзивті ұйымдарының мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру үшін арнайы педагогтарды даярлау қажеттілігіне талдау жүргізді. Мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагогтеріне ұйымдастырылған сауалнама жүргізу және сұхбат беру нәтижесінде инклюзивті ұйымдарда дамуы бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге арнайы педагогтарды даярлау деңгейіне мектеп пен балабақшалар басшылығының жеткіліксіз қанағаттану жағдайы анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдау және жалпылау негізінде осы мақаланың авторлары басқарушы құрам мен педагогтардың осы мәселе бойынша пікірлерін жіктеуге және ЖОО-да арнайы педагогтарды даярлауға қойылатын негізгі талаптарды анықтауға тырысты. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін ЖОО-да болашақ арнайы педагогтарды даярлау бойынша қорытындылар жасалды және ұсынымдар әзірленді.

Мақала АР14870333 «Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін арнайы педагогтарды даярлау» тақырыбында ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру аясында жазылды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Duzelbayeva A.,Movkebayeva Z., Khamitova D. , . 2024. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ПЕДАГОГТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 228–240. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.020.