Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланған December 2023

73

85

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Мақалада болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудағы әлеуметтік тәжірибенің маңызы ашып көрсетіледі. Әлеуметтік практика әлеуметтік өзара әрекеттестік құзыреттілігін дамыту мақсатында әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет. Кәсіби іс-әрекетке дайындық үдерісінде болашақ педагог-психолог ретінде студенттердің әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыру және мазмұны жоғары оқу орындарындағы практиканың түрлеріне арналған бағдарламаларымен (оқу-танысу практикасы, психологиялық-педагогикалық практика, педагогикалық практика,  өндірістік педагогикалық практика) қамтамасыз етіледі. Зерттеуімізде болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік құзыреттілігін дамытуда маңызды рөл атқаратын әлеуметтік практиканы енгізудің қажеттілігі айқындалады. Болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке дайындау үдерісінде әлеуметтік практика: біріншіден, даярлау жүйесіндегі тәжірибенің дербес және нақты түрі; екіншіден, әлеуметтік-білім беру кеңістігінде, соның ішінде, университеттің аудиториядан тыс тәрбиелік іс-әрекетінде студенттің қоғамдық белсенділігін көрсету арқылы бейресми білім беру түрі. Кәсіби іс-әрекеттің өзгеруі келесі факторлардың әсерінен жүзеге асады: қоғамды ақпараттандыру; ашық және азаматтық қоғамды қалыптастыру, тұлғаның жаңа мәдени типін қалыптастыру; қоғам мүшелерін өмір бойы кәсібилендіру. Осы факторлардың әсерінен кәсіптік іс-әрекеттің мазмұны ғана емес, сонымен қатар оны ұйымдастыру әдістері, жүзеге асыру формалары өзгереді, осының барлығы қазіргі білім берудің әлеуметтік сипатын айқындайды. Әлеуметтік практиканың түрлеріне (белсенді, кәсіптік-рөлдік, әлеуметтік-жоба) құрамдас бөліктер кіреді: мақсаты, міндеттері, іс-әрекет мазмұны, қалыптасатын құзыреттіліктер мен нәтижелер. Белсенді әлеуметтік практика – бұл әлеуметтік маңызды сипатқа ие бастамашылық іс-әрекет, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысуын қарастырады. Кәсіби-рөлдік әлеуметтік практика – бұл әлеуметтік тәжірибенің берілген түрінің нақты ішкі бағдарламаларына қатысу арқылы болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік-кәсіби қызметін меңгеруге бағытталған іс-әрекет. Әлеуметтік жоба практикасы студенттердің кәсіби-педагогикалық бағыттағы әлеуметтік жобаларды әзірлеудегі белсенділігі, оларды іс жүзінде жүзеге асыруын және қорғауын қамтиды. Зерттеу мақаламыздың негізгі мақсаты болашақ педагог-психологтарды кәсіби іс-әрекетке дайындаудағы әлеуметтік практиканың маңызын теориялық тұрғыдан негіздеу. Сондықтан әлеуметтік практика болашақ педагог-психологтарды даярлау жүйесіндегі тәжірибенің дербес түрі ретінде, олардың әлеуметтік-білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік белсенділігіне негізделген бейресми білім беру түрі ретінде де, соның ішінде жоғары оқу орындарының аудиториядан тыс оқу іс-әрекетінде қарастырылады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Муталиева А.Ш., Шолпанкулова Г.К., Калкеева К.Р., . 2023. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2023), 115–127. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.011.