Бұл мақалада мектеп оқушыларының информатика пәні бойынша программмалауды оқыту процесінде жобалық-зерттеу әрекеті арқылы жобаларды белсенді құруға және зерттеуге бағытталған инновациялық тәсіл ретінде іске асыру мәселесі қарастырылады. Жобалық-зерттеу әрекетінің технологиясы информатика пәнінен мектеп бағдарламаларына белсенді енгізілетін оқытудың тиімді әдісі болып табылады. Бұл мақалада мектептегі информатика пәнінен программалауды оқытуда жобалық-зерттеу әрекетінің технологиясын іске асыру қарастырылып, оның оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы маңызды мәнін анықтайды. Программалауды оқытуда жобалық-зерттеу әрекетін іске асырудың негізгі мақсаты оқушыларды дербес ойшылдар және креативті бағдарламалық жасақтама жасаушылар ретінде дамыту болып табылады. Информатика пәнінен программалау бойынша мектеп бағдарламаларында жобалық-зерттеу әрекетін сәтті жүзеге асырудың мысалдары келтірілген. Оқушылар жасаған жобалар және олардың дағдылары мен құзыреттілік деңгейінің жақсарғанын растайтын зерттеулер талданды. Жобалық-зерттеу әрекетінің педагогикалық әлеуеті, оның оқушылардың өзіндік жұмыс, шығармашылық және коммуникация дағдыларын дамытудағы рөлі қарастырылады. Жобалық міндеттер шеңберінде оқушылар мен педагогтардың өзара іс-қимылына ерекше назар аударылады. Қорытындылай келе, зерттеу жұмысы информатика пәнінен оқу материалын терең игеруге ғана емес, сонымен қатар қазіргі ақпараттық ортада сұранысқа ие базалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етуде осы тәсілдің тиімділігін растайды. Сонымен қатар, білімді практикалық қолдануға баса назар аударады және оқушыларды белсенді және креативті оқуға ынталандырады, бұл олардың кәсіби дайындығының негізгі элементіне айналады. Бұл жұмыстың нәтижелері мектептегі информатика бойынша оқу процесіне жобалық-зерттеу әрекетін тиімді енгізгісі келетін мұғалімдер үшін маңызды практикалық ресурс бола алады.
ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУҒА ОҚЫТУДА ЖОБАЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жарияланған December 2023
94
119
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
педагогикалық процесс
информатика
жоба
жобалық-зерттеу әрекеті
педагоги-калық технология
оқушы
педагог
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Абдиманапова Г.М., Жайдакбаева Л.К.,Алдешов С.Е., . 2023. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУҒА ОҚЫТУДА ЖОБАЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 80, 4 (Груд 2023), 303–312. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.029.