Біз мақаламызда "метапән", "метапәнділік" ұғымдарына түсінік беріп, метапәндік тұрғыда оқыту
мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасадық. Сонымен қатар бастауыш сынып пәндерін
метапәндік тұрғыдан оқытуға арналған әдіс-тәсілдер мен жаттығу түрлерін қарастырдық. Егер бастауыш
білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту теориялық тұрғыдан негізделіп, оның әдістемесі жасалса,
онда бұл оқушылардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына және тілдік дағдыларды жете меңгеруіне
мүмкіндік береді. Осыған орай бастауыш сынып мұғалімдеріне пәндерді метапәндік тұрғыда оқыту туралы түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Ал оқушылар үшін арнайы тапсырма үлгілері жасалып, тәжірибеден өткізілді. Соның нәтижесінде ұсынылған метапәндік нәтижелерге қол жеткізу үшін арнайы таңдалған
әдістеме, жаттығулар жүйесі мен тапсырма үлгілері бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда
оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды. Бұл өз кезегінде оқушылардың
тұлға ретінде жан-жақты дамуына жол ашады.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН МЕТАПӘНДІК ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған December 2020
131
432
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ж.А. Жұмабаева, Г.И. Уайсова, . 2020. БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН МЕТАПӘНДІК ТҰРҒЫДАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 4, 71 (Груд 2020), 206–216. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.31.