Бұл мақалада кіші мектеп жасындағы ЕБҚ бағалау критерийлері негізінде диагностикалық тапырмалар мазмұны іріктелді. Онда кіші мектеп жасындағы ЕБҚ бағалау ерекшеліктерін анықтау үшін біз инклюзивті білім беру жүйесі дамыған бірқатар шет елдік мемлекеттер, атап айтқанда АҚШ пен Ұлыбританияның ЕБҚ бағалау бойынша заңнамалық жүйесі мен ерекшеліктерін олардың ресми Білім беру сайтынан жинақтадық. Сол критерийлер бойынша диагностикалық тапсырмалар іріктеліп, жалпы білім беру мектептерінде эксперимент жүргізілді. Эксперимент мақсаты ЕБҚ балаларды оқыту тиімділігін көтеру үшін кіші мектеп жасындағы ЕБҚ бағалау критерийлерін нақтылау, соның негізінде диагностикалық тапсырмаларды жасақтау және одан алынған ақпаратты оқу процессінде қолдану мүмкіндігін анықтау. Нәтиже математикалық статистика әдістері, атап айтқанда нормадан ауытқу мәні Колмогоров-Смирнов критерийі бойынша анықталса, ал екі топты салыстыру Т-Вилкоксон критерийін» қолдана отырып есептеліп шығарылды. Нәтижесінде ЕБҚ балаларды бағалау нәтижесін оқу үрдісін жоспарлауда қолдану бойынша ұсыныстар жасақталды. Ол ұсыныстар жалпы білім беру мекемелерінде қолдануға бейімделген.
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ
Жарияланған December 2023
167
180
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шотыбаева Л.А., Абаева Г.А. , . 2023. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 2, 81 (Груд 2023), 355–368. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.80.4.034.