Мақалада, болашақ әлеуметтік педагогтің медиабілім беру үдерісіндегі гностикалық іскерлігін жетілдіру мәселесінің бағыттарықарастырылған.Заманауи білім беруді дамытуда медианың мүмкіндіктерін белсенді пайдалану негізгі трендке айналуда. Қазіргі таңда, педагогикалық мамандарды даярлауға арналған әлеуметтік тапсырыс пен заманауи білім беру жүйесі негізінде, медиа және ақпараттық кеңістіктің өзгеруі жағдайында педагогикалық қызметін тиімді ұйымдастыра алатын және оның нәтижелерін бағалай білетін болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерліктерін медиабілім үдерісінде жетілдіру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Замануи қоғам медиа мен цифрлық технологиялар әлемінде өмір сүруде. Әлеуметтік педагогті даярлаудың тәжірибесі білім берудегі адам мен қоғам арасындағы өзара байланыстың даму заңдылықтары мен деңгейін көрсетеді. Медиабілім адамның әлеуметтік өмірін қамтамасыз ету үдерісін бағалау өлшемдері тұрғысынан өзіндік ерекше жүйе. Білім берудің заманауи мәселелері педагогикадағы теориялық-практикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздемесін талап етеді. Қазіргі ғылымда әдіснама күрделі теориялық және практикалық мәселелерді шешуде оларды қолданудағы ең алдымен дүниетанымдық қағидалардың жиынтығы ретінде қарастырылады: бұл зерттеушінің дүниетанымдық ұстанымы, сонымен бірге бұл таным әдістері туралы білім, оларды нақты қолданудың бастапқы қағидалары мен тәсілдерін негіздейтін практикалық қызмет. Әдіснаманың жоғары философиялық деңгейінің мазмұны білімнің жалпы қағидаларын және жалпы ғылымның категориялық жүйесін құрайды. Демек, ғылымдар - фактілер, құбылыстар, тілдер, әдістерге; іс-әрекет-білімді меңгеру, міндеттерді шешу, тәжірибе жүргізу, шығармашылық жұмыстарға; білім-анықтау, түсініктер, заңдар, теорияларға негізделеді. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді зерделеу барысында әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдар, медиабілім үдерісінде болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін жетілдіру бағыттары негізінде қарастырылды. Зерттеу мақсаты - медиабілім және цифрлық мәселелер бойынша отандық және шетелдік жұмыстарды талдау мен зерделеу, медиабілім мен цифрлық технологяларды білім беруде пайдалану, болашақ әлеуметтік педагогтің гностикалық іскерлігін медиабілім үдерісінде жетілдірудің жолдары мен құрылымдық мазмұндық моделін айқындау. Нәтижесінде, болашақ әлеуметтік педагогтің оқу міндеттерінің құрамы, технологияларды пайдалану мүмкіндіктері және қажетті іскрліктер құрамы анықталды.
БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ГНОСТИКАЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН МЕДИАБІЛІМ ҮДЕРІСІНДЕ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған October 2023
91
93
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тавасаров М.А., Сейітқазы П.Б. , . 2023. БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ГНОСТИКАЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН МЕДИАБІЛІМ ҮДЕРІСІНДЕ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Жов 2023), 158–166. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.013.