Мақалада қазіргі Қазақстандағы балалардың техникалық шығармашылығын дамытудың өзектілігі, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану негізделеді; осы үдерістегі педагогтың рөлі, сондай-ақ болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудағы оқу әдебиетінің маңыздылығы көрсетілген. Мақаланың мақсаты айқындалған: ЖОО-да болашақ қосымша техникалық білім беру мұғалімдерін кәсіптік даярлауға арналған "Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту" оқу құралын әзірлеу әдістемесін сипаттап, оның құрылымдық-мазмұндық сипаттамасын беру. Мақалада оқу құралын әзірлеу әдістемесі ретінде жүйелік, интегративті, құзыреттілік және модульдік тәсілдердің бірін-бірі толықтыратын бірлігі негізделеді; оқулық теориясы, дәстүрлі және инновациялық білім берудің конвергенциясы теориясы, инженерлік білім беру теориясы, атап айтқанда, инженерлік университетте теорияны оқытудың тәжірибелік әдістерін негіздеу, білім берудің жүйелі жаңартылған мазмұны жағдайында оқулық сапасы мәселелері келтіріледі. Оқу-әдістемелік құралды құрастырудың теориялық негізі болған жүйелік және тұтастық, көрнекілік, модульдік, интеграциялылық, жинақылық және нақтылық, үздіксіз өзін-өзі дамыту принциптері ашылды. Жасалған оқу құралының құрылымы мен мазмұнын сипаттайтын схема ұсынылған. Ол жеті модульді қамтиды: «Техникалық шығармашылық ғылыми құбылыс және білім беру мақсаты ретінде». «Мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытудың техникалық және технологиялық негіздері». «Білім беру робототехникасы техникалық шығармашылықтың инновациялық бағыты ретінде». «Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі АКТ». «Қашықтан оқытудың дамуы мен ұйымдастырылу тарихы». «Қашықтықтан оқыту жүйесін қолдану арқылы мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамыту (Moodle жүйесі мысалында)». «Мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығын дамытудағы кеңейтілген және виртуалды шындық құралдары». Әрбір модуль ақпараттық, бақылау және бағалау блоктарымен және өз бетінше білім алу блогымен ұсынылған. Тәжірибеге бағытталған модульдердің ақпараттық блоктарына (білім беру робототехникасын; педагогтың кәсіби қызметіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; техникалық шығармашылықты дамыту үшін Moodle қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану; оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуда толықтырылған және виртуалды шындық құралдарының мүмкіндіктерін зерделеу кезінде) практикалық жұмыстар блоктары (әдістемелік блоктар) кіріктірілген. Бұл қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға бағытталған студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруда теория мен практиканың бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған October 2023
87
88
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
техникалық шығармашылық
қашықтықтан білім беру технологиялары
қосымша техникалық білім беру
педагогтерді кәсіби даярлау; оқу әдебиеттерін әзірлеу әдістемесі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шумейко Т.С., Божевольная Н.В., . 2023. ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 79, 3 (Жов 2023), 76–90. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.008.