Мақала педагогика ғылымының инновациялық саласы ретінде киберпедагогика мәселелеріне
арналған. Киберпедагогиканың қалыптасуының алғышарттарының кейбір аспектілері қарастырылады.
ХХІ ғасырдағы адамды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті мәселелерін шешуде тиімді білім беруде
киберонтологиялық тәсілді қолдану қажеттілігінің негіздемесі келтірілген. Киберкеңістік адам өмірінің
жаңа ортасы және әлеуметтік өзгерістер факторы ретінде сипатталады. Ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды қолданатын қазіргі адамның негізгі ерекшеліктері сипатталған. Әр адамның
киберәлеуметтену мәдениетін, сондай-ақ киберпедагогиканы – ХХІ ғасыр ғылымын дамытудың
маңыздылығы киберкеңістіктің оқу, тәрбие және даму процестеріне әсерін ескере отырып, қазіргі
заманғы білім беруді ұйымдастырудың негізі ретінде қарастырылған. Ресейлік және отандық
ғалымдардың ғылыми зерттеулерін талдау негізінде киберпедагогикаға байланысты ұғымдар талданған.
КИБЕРПЕДАГОГИКА–ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Жарияланған December 2020
839
740
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Игібаева А.Қ., Төлеуханова А.Д. , . 2020. КИБЕРПЕДАГОГИКА–ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 68, 4 (Груд 2020), 12–17. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-5496.02.