Мақалада белгілі уақыт аралығында американдық және еуропалық білім беру жүйесінде қолданылған аралас оқыту технологиясына ғалымдардың көзқарасы қарастырылған. Бұл жұмыс аралас оқытудың мәнін, оның болашағы мен мүмкіндіктерін талдауға арналған. Қазақстан да аралас оқытуды енгізудің озық тәжірибесін енгізуге ұмтылады және отандық білім беру контекстінде бұл әдістің мүмкіндіктері туралы өзіндік көзқарасын ұсынады. Бұл мақаланың мақсаты ретінде жалпы аралас оқытудың мәні, ерекшеліктері және болашағы туралы шетелдік сарапшылардың теориялық әзірлемелеріне шолу жасау болып табылады. Дереккөздердің негізгі бөлігі аралас оқыту бастамашылары қауымдастығын білдіретін американдық зерттеушілерге және білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында осы бастаманы жүзеге асырушылар ретінде ресейлік сарапшыларға тиесілі. Сарапшылар аралас оқытудың жүйе құраушы сипаты мен оның оқытуға бағытталғанына назар аударады. Сарапшылардың пікірінше, білім беру жүйесінде аралас оқытуды дамыту мұғалімнің академиялық рөлін сапалы түрлендіруді, жалпы білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді және ұйымдастыруды көздейді. Сарапшылар аралас оқытудың табысты дамуы негізінен білім беру ортасының ресурстарына байланысты екенін мойындайды, олар тиісті цифрлық инфрақұрылыммен, мазмұнмен, IT қызметкерлерімен, оқытушылар мен студенттердің сандық құзыреттіліктерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Алынған нәтижелер нақты жоғары білім беру бағдарламаларына қатысты аралас оқытудың теориялық негіздерін практикалық түсіну қажеттілігін көрсетеді.