Мақала мазмұнында болашақ педагог-психологты жоғары сынып оқушыларының медиамәдениеттін қалыптастыруға даярланудың мәні туралы жан-жақты ғылыми талдау берілген. Зерттеу сипаты жаһандану үдерісіндегі ақпарат пен мәдениет үйлесімділігі, медиамәдениеттің дамуы мен қызметі, оның жоғары сынып оқушыларына ықпал етуінен туындайтын жаңа бағыт аясындағы медиамәдениеттің өзекті мәселелерін қарастыруға арналған. Қоғамдағы медиамәдениеттің рөлін айқындаудың ғылыми-әдістемелік теориясы негізделіп, одан туындаған маңызды мәселелерінің айқындалуымен сабақтас медиамәдениеттің басым бағыттары сипатталды. Цифрлық қоғамдағы медиамәдениет үдерісі кеңінен қарастырылып, теориялық және тәжірибелік үлгісі отандық және шетелдік басылымдар материалдары бойынша ұсынылады. Заманауи бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның өзін-өзі танытуына, оның қоғамдық өмірге араласуына, барлық мүмкін әлеуметтік рөлдерді игеруіне және т.б. ықпал етеді. Ақпараттық технологиялардың қазіргі кездегі өнімдері әртүрлі әлеуметтік топтардың ақыл-ойына, эмоцияларына, өз бетімен шығармашылық және сыни ойлануына, құндылық бағдарлары мен нанымдарына әсер етеді. Дегенмен ақпараттардың жағымды және жағымсыз типтері болатындығын ескерсек, соңғысынан қорғана алуға қабілетті тұлға қалыптастырудың мәні зор болып табылады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИАМӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ МӘНІ
Жарияланған March 2024
61
55
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Медиа, ақпараттық мәдениет, тұлға, қарым-қатынас, медиасауаттылық, медиабілім, медиамәдениет.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Масимбаева А.А.,Дуйсенбаев А.К. , . 2024. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИАМӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ МӘНІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 82 (Бер 2024), 304–316. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2024.81.1.026.