Біздің қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының қазіргі кезеңіндегі жеке тұлғаға қойылатын талаптар артып келеді, бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың өмірі мен кәсіби қызметке дайындау үдерісін одан әрі жетілдіру қажеттілігін талап етеді.Бүгінгі таңда студенттердің оқу іс-әрекеттегі әлеуметтік мүмкіндіктерін ашуды, оның ішкі және сыртқы белсенділігін ынталандыруды қамтамасыз ететін өзін-өзі реттеу механизмдерін зерттеу ерекше маңызға ие. Мақалада студенттердің өзін-өзі реттеуін қалыптастыру жолдарына сипаттама берілген. Студенттерде өзін-өзі реттеудің қалыптасуы тұлғаның жалпы қабылданған нормаларға, ережелерге, құндылықтарға және кәсіби талаптарға сәйкес мінез-құлқы болып табылады. Авторлар мақалада студенттердің бойында осы қасиеттердің болу қажеттілігін негіздеген. Өзін-өзі реттеу негіздерін қалыптастыру кәсіби дайындық кезеңіндегі тұлғалық даму үдерісі арқылы жүзеге асырылатындығы туралы сипатталған.Сонымен қатар мақалада ЖОО-да студенттерде өзін-өзі реттеудің қалыптастыру кезеңдері және өзін-өзі реттеу деңгейлерін анықтау бағытында сауалнама жүргізіліп, қорытындыланған.