Мақала болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін оқу процесі барысында тиімді қалып-тастыру мен дамыту жолдарын егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында жазылған. Осыған байланысты зерттеу жұмысының міндеттері анықталды: «кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәнін ашу, болашақ химия педагогтарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың мәселелерін көрсету, педагогикалық университет студенттерінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді жолдарын зерттеу және талдау арқылы ұсыныстар дайындау. Болашақ мамандарды даярлауда пайдаланылған теориялық әдістерге шолу жасалып, «құзырет», «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарына анықтама келтірілді.
Отандық және шетелдік зерттеулерге сүйене отырып, «кәсіби құзыреттілік» ұғымына контент-анализ әдісімен талдау жүргізілді. Химия педагогтарын даярлауда олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың мәселелері, білімалушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қанша-лықты қалыптасқандығы, құзыреттілікті дамытуға іс-тәжірибенің әсері және цифрлық технология-ның маңыздылығы сауалнама әдісімен анықталды. Болашақ мұғалімдерді даярлауда олардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді жолдары бойынша ұсыныстар әзірленді.