Мақалада бастауыш сынып оқушыларын (science, technology, engineering, art, mathematics) (бұдан әрі STEAM) бағдарламалары арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылып, талдау жасалған. STEAM білім беру бойынша жан-жақты қарастырылған қолданбалы зерттеулер, ғалымдардың еңбектері, осы сала бойынша отандық және шетелдік баспада жарияланған жаңалықтары, нормативтік құжаттары, жалпы оқушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтарға сүйене отырып жазылды.
Зерттеу әдістері ретінде аналитикалық шолу және талдау қолданылды. Ғалымдар STEAM білім берудің маңызы зор деген пікірде және соның негізінде білім беру саласы мен бастауыш сынып оқушыларын даярлаудағы STEAM әдісінің рөлін анықтау мен оны дамыту жолында түрлі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда оқытушыларды STEAM білім беру әдісіне үйрету, білім алушыларды STEAM саласына баулу бойынша курстар, жарыстар, семинарлар мен фестивальдер жүргізілуде.
Сабақ барысында міндеттерді шешуде сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілген. STEAM білім беру аясында пәндерді кіріктіріп оқыту бойынша ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізілуде. Оқу бағдарламасына STEAM білім беру технологиясын енгізу жоспарлануда.