Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолдану

Жарияланған July 2023

184

159

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет
Аңдатпа

Мақала мазмұнында мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолдану мәселесіне жан-жақты ғылыми талдау берілген. Сонымен қатар, балабақша балаларын этнопедагогикалық дүниетанымнан жетілдірудің негізі ұлттық салт-дәстүрлердегі баланың физиологиялық жетілуі тұрғысынан сипатталып, баланың тұлғалық жетілуіне әсері сипатталады. Тұлғаның этномәдени дәстүрлер негізіндегі ұлттық спорт ойындарын қолдану барысында: намыс пен жігер, отансүйгіштік пен әділеттілік, жұптасу мен оппозиция, топтық интеграция, тұлғалыққа өту мен көшбасшылыққа ұмтылу, үйлесімділік пен теңдікке, ақиқат пен шындыққа, дәлдік пен дұрыстыққа, жеңімпаздық монизмге бағытталған рух, өзін және өзгені бағалауға ұмтылған аксиологиялық құндылықтарды қастерлеуге арналады. Сонымен қатар, балабақшада қолданылатын ұлттық спорт ойындары олардың дене бітімін, логикасын, дағдысын және  ептілікке, шапшаңдыққа, қимыл-қозғалыстарын дамтыу жүйесін құрайды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Дуйсенбаев А.К.1*, Туленова У.Т., Утешкалиева А.М., Демешева Г.У., Базаргалиев Г.Б, . 2023. Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды қолдану. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 78, 2 (Лип 2023), 315–324. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.78.2.034.