Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

Сәдуақас 1 Г.Ж.Омарова 2 А.О.Абд БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ:

Жарияланған April 2023

179

161

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөздіктерді пайдалану білігін қалыптастырудың әдістемесі ұсынылып отыр. Теориялық талдаулар бойынша жүйенің құрылымы ретінде мақсат, міндеттер тізбегі, тұтас құрылым, элементтер бірлігі, конструктивтік идеялар-әдістер, қағида, үдерістер жиынтығы, біртұтас құбылыс және құралдар байланысы сипатталады. Әдістемелік жүйені құраушы компоненттер, оның функциялары жайлы баяндалады. Авторлар тарапынан «бастауыш сынып оқушыларының сөздіктерді пайдалану білігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі – бастауыш білім мазмұнын меңгертудегі оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған оқу үдерісін жоспарлау мен жүргізудің тұтастықтағы компоненттерінің (мазмұн, әдістер, нысан мен құралдар, формалар) иерархиялық жиынтығы» деп нақтыланады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздіктерді пайдалану білігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесінің мақсат, міндеттері көрсетіліп,  оларды шешу барысында сөздікті қолдану білігі қалыптасу арқылы сөздік қоры дамыған бастауыш сынып оқушысының моделі беріледі.  1-сыныптарға арналған «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының бағдарламасы талданады.

Эмпирикалық бөлімі бойынша оқушылардан «Сөздердің мағынасын түсінбеген жағдайда не істейсіңдер?» деген сауал арқылы анықтау эксперименті жүргізіліп, оның салыстырмалы талдаулары жасалды. Қалыптастыру кезеңі бойынша оқушылардың лингвистикалық сөздіктерді пайдалану білігін қалыптастыру үшін бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін жетілдіру негізге алынып, мұғалімнің лексикографиялық құзыреттілігіне көңіл бөлінеді. Осы орайда мақалада «Бастауыш сынып оқушыларының лингвистикалық сөздіктерді пайдалану білігін қалыптастыру» атты 16 сағаттық оқу-әдістемелік семинар бағдарламасы мен оқу-тақырыптық жоспары дайындалып ұсынылды.

pdf (English)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Садуакас Г.Т., Омарова Г.Ж., Абдыкадыров А.О., . 2023. Сәдуақас 1 Г.Ж.Омарова 2 А.О.Абд БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ: . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 77, 1 (Квіт 2023), 238–248. DOI:https://doi.org/10.51889/1728-5496.2023.1.76.025.